Әлемдегі халық саны 8 млрд-қа жетті – БҰҰ

Әлемдегі халық саны 8 млрд-қа жетті – БҰҰ

Әлемдегі халық саны 8 млрд-қа жетті – БҰҰ
ашық дереккөзі
БҰҰ мәліметінше, 2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті деп хабарлады turkystan.kz. БҰҰ сайтының хабарлауынша, әлем халқының саны 7-ден 8 миллиардқа дейін көтерілуі үшін адамзатқа 12 жыл қажет болған. Болжамдарға сәйкес, 9 миллиардқа шамамен 2037 жылы – яғни 15 жылда жетеміз. Бұл халық санының өсу қарқынының баяулағанын көрсетеді.
«Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарымызды мойындауға себеп. Сонымен қатар планетамызға барлығымыз қамқорлық жасауға жауапты екенімізді еске салады», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.
Өз мәлімдемесінде БҰҰ Бас хатшысы туу деңгейі ең жоғары көрсеткіш жан басына шаққандағы табысы ең төмен мемлекеттерге тиесілі екендігін айтты.