Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші (ВИДЕО)

Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші (ВИДЕО)

Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған әңгіме айтқандарды сотқа беретінін және кешірмейтіні туралы видео үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, әртүрлі адамдармен түскен суреттерім тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін! Оларды керек болса, сотқа беремін. Себебі әйелім Ханшайым мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында, Құдайға шүкір, осылай аман-сау жүрмін. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін»,- деді видеода Шаханов.
Айта кетейік, бұған дейін түрлі әлеуметтік желіде Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты деген жалған ақпарат тараған болатын.