14 жастағы қазақстандық Кореядағы Converse жарнамасына түсті

14 жастағы қазақстандық Кореядағы Converse жарнамасына түсті

14 жастағы қазақстандық Кореядағы Converse жарнамасына түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық Марика Акишеваның бейнесі Сеулдің орталығындағы жарнама билбордтарында пайда болды. Айта кету керек, қазақстандық моделдің жасы - 14-те. Әлемде әр елдегі ең үздік деген моделдердің өзі бренд компаниялардың жарнама роликтеріне, билбордтарына, фотокөрмелеріне шығу үшін кемі 10-15 жылын арнайды. Ал қазақстандық Марика Акишеваның сән әлемінде жүргеніне үш жыл ғана болған. 14 жастағы моделдің танымал болуына еліміздегі агенттіктердің әсері болған екен. Соңғы бірнеше жылда Марика екі елмен тұрақты жұмыс істеген: Қазақстанда және Оңтүстік Кореяда. Сеулде ол Ever Models компаниясымен келісім жасаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Серик Акишев TV (@serik_akishev)