Қарақат Әбден Шымкент жұртшылығымен кездесті

Қарақат Әбден Шымкент жұртшылығымен кездесті

Қарақат Әбден Шымкент жұртшылығымен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін ол Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды turkystan.kz. Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан  кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен туризмді дамыту сұрақтары талқыланды.
«Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы, бұл – туризмді дамытудың бір ғана қыры. Осы саланы жетілдіру арқылы біз еліміздің ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттай аламыз. Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғыртып, туристерді қызықтырудың ең ұтымды бағытын дамытып жүрген кәсіпкерлердің де бастамаларына қолдау көрсету керек»,- деді Қ.Әбден.
Сайлаушылармен кездесуден кейін кандидат өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, қалада өтіп жатқан «Көксарай» футбол турнирінің жеңімпаздарымен кездесті. Өзінің құттықтау сөзінде Қарақат Әбден бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, кандидат аймақтағы сайлауалды штабының өкілдерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.