Қарақат Әбден шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетіндерге салық салуды ұсынды

Қарақат Әбден шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетіндерге салық салуды ұсынды

Қарақат Әбден шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетіндерге салық салуды ұсынды
ашық дереккөзі
«Хабар» арнасында тікелей эфирде өткен теледебатта Президенттікке үміткер Қарақат Әбденге шымкенттік көрермен қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қалай қарайтынын сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Осындай жағдайда жастар сезімге беріледі. Мен оларға «Бақытты бол» дегім келеді. Бірақ соңғы кездері бұл қадамға есеппен баратын жастар көбейіп барады. Әртүрлі есептеулер: олар шетелдегі өмірге қызғанышпен қарайды. Бірақ біз салт-дәстүрді сақтау тұрғысынан қарауымыз керек. Қыздар біздің құндылығымыз. Оларды шетелге қалай береміз? Шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетіндерге салық салуды ұсынамын, содан кейін қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар», - деді кандидат.