Маңғыстаулықтар 100 млн доллардың азық-түлігін сырттан алады

Маңғыстаулықтар 100 млн доллардың азық-түлігін сырттан алады

Маңғыстаулықтар 100 млн доллардың азық-түлігін сырттан алады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Президент Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды. Агроөнеркәсіп саласы – ел экономикасын дамыту ісіндегі стратегиялық басымдықтың бірі. Мен халықаралық форумдарда әлемдік нарыққа азық-түлік өнімдерін көптеп шығара аламыз деп жиі айтамын. Бұған бізде мол мүмкіндік бар. Бірақ ең алдымен, өз елімізді сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек», - деді Президент.
Оның айтуынша, Маңғыстау өңірі үшін бұл мәселе айрықша маңызды.
«Аймақ тұрғындары жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алады. Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.