Психологиялық тест: саусағына қарап адам мінезін таныңыз

Психологиялық тест: саусағына қарап адам мінезін таныңыз

Психологиялық тест: саусағына қарап адам мінезін таныңыз
ашық дереккөзі
Адам мінезін сырт келбетіне қарап анықтауға болатынын біліп пе едіңіз? Сондай әдістердің бірі –  қол саусақтарын зерттеу. Ғалымдар зерделеп, мынадай қызықты фактілерді анықтады.  Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда Сұқ саусағы ұзын адамдар көшбасшы, өздеріне тым сенімді, мақтаншақ келеді. Өз дегеніне жету үшін бәріне дайын жандар. Төртінші саусағы екінші саусағынан қысқа адамдар мансап қуып, жетістікке жетуді көздейді. Жауапкершілігі мол, талапшыл келеді. Іске тиянақты адамдар. Бәрін бақылауда ұстағанды ұнатады. Бойында тәкаппарлық бар. Мысалы, Диана ханшайымның сұқ саусағы ұзын болған.   Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда: Тәуекелге бел буған адамдар. Бойында күш-жігер жетерлік. Бірақ тым сенгіш келеді. Аңғал. Айналасына оңай алданып қалады. Талантты, білімді болғанымен, өзіне деген сенім жоқ. Әрқашан жақындарынан қолдау күтеді. Бір шешім қабылдарда ұзақ ойланады. Десе де, өте сымбатты, әрі жылы жүзді адамдардың төртінші саусағы екіншіден ұзынырақ келеді екен. Мысалы, Леонардо Ди Каприоның саусақтары дәл осылай жаратылған.   Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда: Тепе-тендікті ұстай білетін адамдар. Олар үйлесімділікте өмір сүргенді ұнатады. Адамдармен ымыраға келе алады. Өзіне тым сенімді болмаса да, өзін бағалай білетін жандар. Қаржылай сауатты, ұйымдастыру қабілеті жоғары адамдар. Ортаға тез кіріп, кез келген адаммен тіл табыса алады.