Ақтөбеде футболдан кейін төбелес болды (ВИДЕО)

Ақтөбеде футболдан кейін төбелес болды (ВИДЕО)

Ақтөбеде футболдан кейін төбелес болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасында футболдан кейін жанкүйерлер арасында төбелес болды деп хабарлады turkystan.kz Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД-нің мәліметінше, полицейлер жағдайды дер кезінде бақылауға алған.
«Матч барысында жанкүйерлер арасында түсінбестік болғанмен, тәртіп бұзылмады. Эмоцияға бойалдырған жанкүйерлермен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.