Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды
ашық дереккөзі
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Сапармұрат Одаевпен рингке шықты. Дулат үш раунд бойы шеберлігінің басым екендігін көрсетіп, соққыларын көбірек дарыта білді. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, 6 қараша күні Дулат жартылай финалға шығу үшін қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен таласады. Сонымен қатар бүгін Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) филиппиндік Маржон Пианьярмен қолғап түйістіреді. Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.