Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан

Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан

Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан
ашық дереккөзі
Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды  деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Дерек Көксу ауданында тіркелді. 2 қараша күні кешкі уақытта Мақаншы ауылынан 45 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында жәбірленушіні Талдықорған қаласынан қонаққа келген жақын танысы мылтықпен жаралағаны белгілі болды.
«Ер адамдар аң аулауға шығуды жоспарлағаны алдын ала анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан қонақ аңшы мылтығымен үй иесінің аяғынан атқан. Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге тіркелген 12 калибрлі ИЖ мылтығы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тігілді», – деп хабарлады Көксу аудандық полициясы.
Тергеу барысында ұсталған күдіктіге қатысты келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.