Зайнутдинов италиялық клубқа ауысуы мүмкін

Зайнутдинов италиялық клубқа ауысуы мүмкін

Зайнутдинов италиялық клубқа ауысуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан ұлттық құрамасының және мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. «Аталанта» 24 жастағы футболшының қызметіне қызығушылық танытып отыр. ЦСКА өз ойыншысы үшін кем дегенде 5-6 миллион еуро алғысы келеді. А сериясының 12 турынан кейін 27 ұпай жинаған Аталанта клубы көшбасшы «Наполиден» бес ұпайға қалып, кестеде екінші орында тұр. Қазақстандық футболшының мәскеулік командамен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін бекітілген. Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі Transfermarkt порталы Зайнутдиновтың нарықтық құнын 3,5 миллион еуроға бағалап отыр, ол қазақстандық ең қымбат футболшы болып саналады.