Қазақстанға 630 млрд теңге қайтарылды – Бас прокуратура

Қазақстанға 630 млрд теңге қайтарылды – Бас прокуратура

Қазақстанға 630 млрд теңге қайтарылды – Бас прокуратура
ашық дереккөзі
Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Тwitter желісіндегі парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz. Кеден саласындағы прокурорлардың актілері бойынша мемлекет бюджеті 57 млрд теңгемен толыққан. Сонымен қатар 5 млрд теңгеге 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
«Сондай-ақ 13,5 млрд теңгеге мемлекет мүлкін қайтару туралы сотқа талап-арыздар жіберілді. Жоғарғы сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Ондағы мәліметтерге сүйеніп, қазынаға тағы 23 миллиард теңге түседі деген болжамымыз бар» - деген Берік Асылов бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын да атап өтті.