Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Ақорданың ресми сайты заңның мәтіні баспасөзде жарияланатынын мәлімдеді. Айта кетсек, Президент биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын айтқан.
«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», - деген еді Президент.