Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды деп хабарлады  turkystan.kz. Алматы шығармашылық бюросының ұжымы Q88 урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен қала ортасын жақсарту бойынша креативті жобаларды іске асыруда. Сондай жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығындағы үйлердің бірінің қабырғасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі пайда болды. Суретшілер Димаштың Ақтөбе қаласында туғанына байланысты оның муралын туған жерінде салуды жөн көрген.
«Муралды салу барысында суретшілер ыстық температурада бұзылмайтын граффитиге арналған арнайы спрей бояуларын пайдаланды. Сондықтан қабырға суреті қала тұрғындарын мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы қуантады. Кескіннің биіктігі 9 қабаттан жоғары, 18 метрден кем емес», - дейді жобаның бастамашылары.