Мұстафа Шоқай туралы кітап жарық көрді

Мұстафа Шоқай туралы кітап жарық көрді

Мұстафа Шоқай туралы кітап жарық көрді
ашық дереккөзі
Ғалым, профессор Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай кітабы Түркияда жарық көрді деп хабарлады turkystan.kz. Qazaqstan.tv мәліметінше, Мәдениет және спорт министрлігі түркі дүниесінің 100 тарихи тұлғасы туралы кітаптар топтамасын шығару жөнінде шешім қабылдаған. Олардың қатарына Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап тұңғыш рет еніп отыр. Ұзақ жылдар бойы Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеп жүрген ғалым Әбдіуақап Қара бұл кітаптың топтамаға енуі күллі қазақтың жетістігі екенін айтады.
«Келесі жыл Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, 100 ұлы түркі дүниесінің тарихи тұлғасы сериясымен шыққан кітаптың тұсаукесері болады. Бұл бастамасы 2021 жылдан бастап шыға бастады, биыл жалғасады», - деді М. Шоқай кітабының авторы, профессор Әбдіуақап Қара.