Бірінші раундта талдырды: қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

Бірінші раундта талдырды: қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

Бірінші раундта талдырды: қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) Америкадағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. "Панда" лақап атты қазақтың қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-18, 15 КО) болды. Орландо қаласында өткен айқас сегіз раундқа есептелген еді, алайда, кездесу біріншісінде аяқталды. Серік мексикалықты есінен тандырды. Қазақ боксшы биылдыққа үшінші жекпе-жек өткізіп отыр. Енді Мұсаділовтің есебінде 14 жеңіс, оның он екісі нокаутпен.