Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойынға 507 млн теңге жұмсаған

Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойынға 507 млн теңге жұмсаған

Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойынға 507 млн теңге жұмсаған
ашық дереккөзі
Алматы облысының прокуратурасы құмар ойындарына барған 305 мемлекеттік қызметкерді анықтады деп хабарлады turkystan.kz ZTB.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап. Құмар ойынды ұнататындар арасында министрлік, құқық қорғау органдарының, Қаржы департаменттерінің өкілдері бар екені белгілі болды. Айта кетейік, мемлекеттік шенеуніктер құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсаған. Олардың ішінде: – ҚР Ішкі істер министрлігі – 97 млн; – ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн; – ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн; – ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн; – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн; – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн; – Жергілікті атқарушы органдар – 36 млн; – Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға жұмсаған ақша көзінің қайдан келгенін анықтау үшін әрбір мемлекеттік органның ведомстволық тексеруін талап етеді.