Ресей Түркия азаматтарына виза режимін алып тастайды

Ресей Түркия азаматтарына виза режимін алып тастайды

Ресей Түркия азаматтарына виза режимін алып тастайды
ашық дереккөзі

Ресей Түркия азаматтарына виза режимін жеңілдеткелі жатыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі Түркия СІМ өкіліне сілтеме жасап.

«Бірінші кезекте Ресей түркиялық кәсіпкерлер мен ресми тұлғаларға виза режимін алып тастайды деп үміттенеміз», — деді министрлік өкілі. Дипломаттың сөзінше, Ресей мен Түркия арасы уақыт өткен сайын жақындап келеді.

Түркия СІМ қызметкерінің пікірінше, ресейлік және түркиялық билік өкілдері Астанада 23 қаңтарға жоспарланған Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге дайындық аясында алдын ала кездесу өткізбек.

Ертеректе Түркия мен Ресей президенттері Сирия келіссөзінің Астанада өткізілуіне бір ауыздан келіскен еді.