14 жастағы қазақстандық Азияның бірінші ракеткасы атанды

14 жастағы қазақстандық Азияның бірінші ракеткасы атанды

14 жастағы қазақстандық Азияның бірінші ракеткасы атанды
ашық дереккөзі
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық теннисші Альбина Кәкенова жасөспірімдер арасында Азияның бірінші ракеткасы атанды. Бұл туралы теннис федерациясының ресми сайты мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа рейтинг бойынша 14 жасар Альбина Какенова сары құрлықта көш бастады. Қазақстандық теннисшінің еншісінде 2722 ұпай бар. Азиядағы үздік теннисшілер ондығына бірнеше отандасымыз енді. Атап айтар болсақ, Ева Корышева – үшінші, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода оныншы орынға тұрақтады. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның бес ойыншысы кірді» деп жазды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.