Жоқ үйлерді «жалға берген» жігіт ұсталды

Жоқ үйлерді «жалға берген» жігіт ұсталды

Жоқ үйлерді «жалға берген» жігіт ұсталды
ашық дереккөзі
Астанада 18 жастағы жігіт жоқ үйлерді жалға берген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Елордада алаяқ Market.kz сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдаған. Күдікті нарықтан төмен бағаны қойып, әдемі суреттерді жүктеген. Алаяқ жалға алу үшін хабарласқан адамдардан алдын ала төлем жасауды талап еткен.
«Елорда тұрғыны арзан әрі жайлы тұрғын үйге қызығып, туған күнін тойлау үшін бір тәулікке коттедж жалдауға шешім қабылдаған. Алайда алаяқ жылжымайтын мүлікті жалға алғысы келетіндердің көптігін сылтауратып, мобильді аударым арқылы ақшасын алдын ала талап еткен. Ақша түскеннен кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қаскүнемнің қолынан зардап шеккен басқа да жәбірленушілерді анықтап жатыр.