Павлодар облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Павлодар облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Павлодар облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Полицейлер жанжалға қатысушылардың бәрін ұстады деп хабарлады turkystan.kz. 16 қазанда сағат 00.54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағынауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқады. Дереу көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді.
– Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анықтау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.