«Бұрынғыдай емес»: Головкин қайтадан бокс элитасына айнала ала ма?

«Бұрынғыдай емес»: Головкин қайтадан бокс элитасына айнала ала ма?

«Бұрынғыдай емес»: Головкин қайтадан бокс элитасына айнала ала ма?
ашық дереккөзі
Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз Геннадий Головкиннің бокс элитасына оралу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты деп хабарлады Turkistan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин карьерасын қалпына келтіру үшін Хайме Мунгиямен айқасу керек деген еді. Ал Эмброуз бұған қатысты басқа ой айтты.
«Де Ла Хойяның ойынша, Головкин үшін Мунгиямен айқас – ең жақсы жол. Егер Головкин жеңсе, бірден бокс шыңына қайта шығады дейді Оскар. Бірақ бұған сену қиын. Головкин Мунгияны бірдеңе қылып жеңсе де, ол Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Крис Юбенк немесе Жәнібек Әлімханұлы сияқтыларға шамасы келмейді. Головкин бұрынғыдай емес», – дейді ол.