Астанада қоғамдық көлік жүрісіне өзгеріс енгізіледі

Астанада қоғамдық көлік жүрісіне өзгеріс енгізіледі

Астанада қоғамдық көлік жүрісіне өзгеріс енгізіледі
ашық дереккөзі
Осының арқасында жолақы төлеу жеңілдеп, автобустар қозғалысының жылдамдығы артты. «2016 жылы жалпы ұзындығы 33,6 км болатын қала көшелерінің 11 учаскесінде  автобустардың қозғалысына арналған жолақтар бөлінді, нәтижесінде қозғалыстың орташа жылдамдығы 18%-ға артты. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін электрондық жолақы төлеу жүйесі енгізілді, автобустардың келуі туралы ақпарат беретін 108 электрондық табло орнатылды, «Astra Bus» ұялы қосымшасы іске қосылды, — деп хабарлады бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев. Сонымен бірге, жалпы ұзындығы 14,7 км қаланың 6 көшесінде біржақты қозғалыс енгізілді, нәтижесінде көлік ағынының қозғалыс жылдамдығы 12-ден 24 к /сағ. дейін артты, деп мәім етті әкімдіктің баспасөз қызметі. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) қолдану аясын кеңейту үшін бюджеттік тиімділікке және тиімділік деңгейіне қарап, экономиканың бірқатар сфераларын қамтитын жобалардың тізімі жасалды. «Осыған байланысты барлық құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жоғарыда аталған тізімді қарап, МЖӘ-нің қажет құжаттарын әзірлеу үшін басымдықты жобаларды іріктеуді тапсырамын», – деп атап көрсетті Әсет Исекешев.