Атырауда темекі шеккен оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Атырауда темекі шеккен оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Атырауда темекі шеккен оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде Сәтпаев даңғылында орналасқан ойын алаңдарының бірінде жасөспірімдер электронды темекі өнімдерін пайдаланған бейнежазбасы таралған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
«7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі («ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқор қоспасын тұтыну») бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.