Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет жеген?

Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет жеген?

Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет жеген?
ашық дереккөзі
Қазақстандықтардың жарты жылдағы ет тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда 19,5 келі болған деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елімізде етке деген сұраныс та, өндіріс те артып келеді. Бірінші жартыжылдықта үй шаруашылығындағы ет тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артып, жан басына 19,5 келіден келді. Оның өзінде ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 20,9 келі, ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 18,5 келі ет тұтынылған. Қаңтар-маусым аралығында жан басына шаққанда 12 келі сиыр еті, 3,2 келі жылқы еті және 2,6 келі қой еті келген. Шошқа етін тұтыну көлемі жан басына шаққанда 1,7 келіден болған», - деп жазылған сараптамада.
Ресурстың мәліметі бойынша, ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8%-ға дейін, бір жылда 7%-дан 15%-ға дейін қымбаттаған. Айлық межемен алғанда сиырдың сүйекті еті 1,8%, шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттаған. Тек қой еті ғана салыстырмалы түрде баяу қымбаттап жатыр – 0,6%. Жылдық межемен алғанда бәрінен де жылқы еті көп қымбаттаған – 15%. Қой мен шошқа еті 12,7%, сиыр еті 7%-ға қымбаттады.