Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі

Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі

Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі
ашық дереккөзі
Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп жатыр. Біріншіден, медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер, яғни Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі», - деді Ажар Ғиният.