Талғарда жанжалға ұласқан жол апаты видеоға түсіп қалды

Талғарда жанжалға ұласқан жол апаты видеоға түсіп қалды

Талғарда жанжалға ұласқан жол апаты видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Талғар қаласында Audi және Renault көліктері соқтығысып қалды деп хабарлады turkystan.kz «Пятый регионға» сілтеме жасап. Жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі бағыттан келген көліктер бір-бірімен соқтығысып, Audi автокөлігінің жаяу жүргіншілерді қағып кеткені көрсетілген. Оқиға болғаннан кейін көлік жүргізушілері арасында жанжал шығып, оқиға орнына белгісіз адамдар келген. Audi жүргізушісі тіркелген газ тапаншасымен қолында спорттық битасы бар белгісіз адаммен жанжалдасты. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданында тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулердің қорытындыларынан кейін процестік шешім қабылданады.