Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқандар марапатталды – ТЖД

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқандар марапатталды – ТЖД

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқандар марапатталды – ТЖД
ашық дереккөзі
Ақмола облысының ТЖД-де Қостанай облысындағы табиғи өртті жоюға қатысқандарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен – 10, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен – 14, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен – 11, Қазақстан Республикасы ТЖМ грамотасымен – 10, Қазақстан Республикасы ТЖМ алғыс хатымен – 7, сондай-ақ, Ақмола ТЖ Департаментінің 5 қызметкері – Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.  width=
Қостанай облысындағы табиғи өртті жою кезінде көрсеткен ерліктеріңіз құрметке лайық. Сіздер әрдайым зардап шеккендерге көмектесуге асығасыздар. Күн сайын өрттерге, апаттық-құтқару жұмыстарына шыққанда басқаларды құтқару үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігуге тура келеді. Сіздердің қиын да қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, кәсіби қызметтеріңізде табыс, отбасыларыңызға амандық және еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі істеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін, – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.
Еске сала кетейік, 02 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртеніп, өртті сөндіру +36 градус қатты ыстықпен және желдің екпінімен күрделене түскен. Өңірдегі өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.  width=  width=