Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жаңа мүшесі (Министрі) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мәселелері кіреді.
Жүктелуде...