Адамзатты аман алып қалған 8 адам

Адамзатты аман алып қалған 8 адам

Адамзатты аман алып қалған 8 адам
ашық дереккөзі
Дүниежүзінде адамзат үшін пайдалы дүниелерді ойлап тапқан әйгілі өнертапқыштар мен ғалымдар бар. Біздің жақсы өмір сүруіміз үшін өз өмірін арнағандар аз емес. Олардың бірінің атын білсек, бірін білмейміз. Уақыт өткен сайын есімдері ұмыт бола бастаған әлемдік сегіз өнертапқыш пен ғалымның еңбегін ұсынамыз.
  1. Подполковник Станислав Петров 1983 жылы әлемді ядролық соғыстан құтқарды.
1983 жылы 26 қыркүйекте подполковник Станислав Петров Мәскеуден 100 шақырым жерде орналасқан Серпухов-15 командалық пунктінде кезекшілікте болды. Петровтың міндеті ядролық зымырандарды ұшыру туралы ерте ескертетін датчиктерді бақылау. Егер датчиктер ядролық шабуыл туралы ескертсе, Петровтың міндеті кері соққы беру туралы шешім қабылдайтын басшылыққа хабарлау еді. 26 қыркүйекте компьютер арқылы Петровқа америкалық базадан зымырандардың ұшырылғаны туралы хабарланды. Қауіпті жағдай болғанына қарамастан, подполковник өзін сабырлы ұстады. [caption id="attachment_199469" align="alignnone" width="720"]Станислав Петров Станислав Петров
фото: thesun.co.uk[/caption] Ол датчиктердің көрсеткіштеріне анализ жасау кезінде зымырандарды ұшыру тек бір нүктеден және саны аз болғанына күмәнданды. Петров жүйенің істен шыққан деген қорытындыға келіп, басшылыққа хабарламауды жөн санады. Кейіннен белгілі болғандай, датчиктер күн сәулесімен шағылысқаны белгілі болды. Артынша бұл мәселе шешілді. Петровтың білікті маман ретінде қабылдаған шешімі – көп адамның өмірін сақтап қалды. Қателік жіберсе, ядролық соғыстың болуына жол беретін еді. 2006 жылы 19 қаңтарда Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде Станислав Петровқа «Әлем азаматтары қауымдастығы» халықаралық қоғамдық ұйымының арнайы сыйлығы табысталды. Ол «ядролық соғыстың алдын алған адамға» деген жазуы бар «жер шарын ұстап тұрған қол» бейнеленген статуэтка алды.
  1. Джон Леал суды тазарту жолын тапты
«Іш» сүзегі пайда болған кезде Англия елінің қаласы Мэйдстоунда су жүйесін тазарту үшін алғаш рет хлор қолданылды. Хлорды бактериолог дәрігер Джон Леал үйлерді су инфекцияларынан дезинфекциялау үшін де пайдаланды. Құбырдан келетін суды үнемі хлорлау идеясын ең бірінші 1908 жылы Леал айтты. Оған дейін ол «су құбыры» туралы кітабында сипаттап жазған. [caption id="attachment_199452" align="alignnone" width="717"]Джон Леаль Джон Леаль[/caption] Ластанған судан қайтыс болғандардың саны дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардан да көп. Сондықтан үйіңізде краннан аққан құбырдың таза суы ғажайыптан пайда болған жоқ. Әрине суға басқа да химикаттар қосылатыны жасырын емес. Бірақ Джон Леалдің қосқан үлесін ерекше атап өту қажет.
  1. Нильс Болин көліктегі қауіпсіздік белдігін ойлап тапты
Мамандардың бағалауы бойынша, швед өнертапқышы Нильс Болин үш нүктелі қауіпсіздік белдігін ойлап тапқаннан бері 50 жыл ішінде миллионнан астам адам аман қалған. Нильс Болин көлік жасау саласында жоғары білім алып, Svenska Aeroplan Aktiebolaget (SAAB) компаниясына жұмысқа тұрады. Оның басқа әріптестері ұшақты жылдам әрі қуатты етіп жасаумен айналысса, Нильсті пилоттардың қауіпсіздігі алаңдататын. [caption id="attachment_199458" align="alignnone" width="720"]Нильс Болин Нильс Болин[/caption] 1959 жылға дейін көліктегі қауіпсіздік белдіктері өте қарапайым болды. Тіпті көбінде болмаған деседі. Белдікті қарапайым жүргізушілер сирек тақса, ал автокөлікпен жарысатын жүргізушілерге міндетті болды. Олар апатты жағдайда ауыр жарақат алмауы үшін төрт нүктелі белдікті де пайдаланып көрді. Алайда жүргізушілер оның әлдеқайда қауіпсіз екенін білгенімен, одан үзілді-кесілді бас тартты. Бұдан кейін Болин өзін-өзі сақтау процесін мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы етіп жасау міндеті тұрғанын түсінді. Оған бір қолмен бекітуге болатын ыңғайлы белдікті ойлап табу керек болды. 1959 жылы осы мақсатына жетті. Белдік жүргізушінің белі мен кеудесін ұстап тұрады. Ал қауіпсіздік белдігін бір қолмен алып-салу оны одан сайын ыңғайлы ете түсті. 1959 жылы Volvo көліктерінде үш нүктелі белдіктер қойыла бастады. Volvo компаниясы өнертабысына патент алып, оны кеңінен қолдануға рұқсат етті. Осылайша көлік нарығында қауіпсіздік белдігінің дәуірі басталды.
  1. Гертруда Элайон дәрілік препараттар ойлап тапты
ХХ ғасырдың бірінші жартысында әйелдерге бір уақытта ғылыммен айналысу оңай болмады. Бірақ Гертруда Элайон бұл салада табандылығымен көзге түсті. Колледжді үздік бітірді. Химия магистрі дәрежесін алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін әлем бойынша ғылымда кадрлар жетіспеушілігі байқалды. Сол кезде жас фармаколог Г. Элайон доктор Джордж Хитчингстің жетекшілігімен биохимик ретінде жұмысқа орналасуға өтініш берді және көп ұзамай оның ғылыми зерттеулерінде көмекші болды. [caption id="attachment_199468" align="alignnone" width="1202"]Гертруда Элайон Гертруда Элайон
фото: fpost-online.com[/caption] Тәжрибе кезінде олар 200-ден астам ғылыми жұмыс жариялады. Сондай-ақ «дәрілік заттарды ұтымды дамыту» жобасы бойынша дәрі-дәрмектерді өндірудің жаңа әдісін бастады. Бұған дейінгі қателіктерді ескере отырып, қолданылған әдіспен жүрудің орнына, вирустар мен бактериялардың биохимиялық механизмдерін зерттеп жүрді. Оны емдеуге арналған препараттарды ойлап таппақ болды. Соның ішінде:
  • Лейкемияға қарсы және безгекке қарсы препаратты,
  • Менингитті емдеуге арналған антибиотиктерді,
  • Ағзаларды трансплантациялау кезінде қолданылатын препаратты,
  • Герпеске арналған «Зовираксты» ойлап тапты.
  1. Алан Тьюринг соғыс уақытында көп адамның өмірін сақтап қалды 
Ағылшын математигі және криптограф Алан Тюрингтің есімі ұзақ уақыт бойы ұмытылып қалды. Біріншіден, оның жұмысының көп бөлігі мемлекеттік құпия туралы заңға бағынғандықтан, екіншіден, 1950 жылдары ол гомосексуализмнен емделуге мәжбүр болу себеп болды. Ол информатиканың негізін салушы. [caption id="attachment_199467" align="alignnone" width="1280"]Алан Тьюринг Алан Тьюринг[/caption] Ұлы Отан соғысы кезінде Алан Тьюринг Блетчли-паркта орналасқан Үкіметтік Байланыс Орталығында қызмет атқарды. Тьюринг Жапония, Германия және Италия секілді нацисттік елдер мен олардың жақтаушыларының құпия жазбаларын, шартты белгілерінің мағынасын ашумен айналысқан. Соғыстың әр жылында Еуропа 7 миллионға жуық адам шығынын көрді. Ұлыбританиялық математик криптоанализдің бірқатар тәсілдерін ойлап тапты. Соның ішінде, неміс шифраторы Enigma-ның құпия жазбаларын шешуді мақсат ететін Bombe базасын құрады. 1942 жылға қарай күн сайын 1 мыңға дейін кодтауды бұзған команда қарулы қақтығыстың ұзақтығын біраз жыл қысқартты. Бұдан кейін Тьюринг жетістіктерінің арқасында 21 миллион адамның өмірі аман қалды.
  1. Эдвард Дженнер алғашқы вакцинаны ойлап тапты
Шешек ауруына қарсы алғашқы екпе 1796 жылы жасалды. Оны ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер ойлап тапты. Екі ғасырға жуық уақыттан кейін, 1979 жылы ДДСҰ шешек ауруы түп-тамырымен жойылғанын жариялады. Ол шешек ауруын жоюға өзінің инновациялық үлесімен бүкіл әлемге танылды. Оның жұмысы иммунологияның негізі ретінде саналған. Вакцинация бойынша әзірлемелерімен Дженнер 530 миллион адамның өмірін сақтап қалды. [caption id="attachment_199465" align="alignnone" width="1202"]Эдвард Дженнер Эдвард Дженнер[/caption]
  1. Луи Пастер микробтарды тапты
Луи Пастерфранцуз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. Ол бүкіл өмірін микpoopгaнизмдepді зepттeyгe apнaды, coнымeн қaтap aypyлapмeн күpecy әдіcтepін әзіpлeyмeн aйнaлыcты. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын ерекше микроорганизмдер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін вакцина жасауды ұсынды. [caption id="attachment_199462" align="alignnone" width="1202"]Луи Пастер Луи Пастер[/caption]
  1. Карл Ландштейнер қан топтарын ашты
Карл Ландштейнер – аустриялық дәрігер, химик, иммунолог, инфекционист. Қанмен жүргізілген көптеген эксперименттің және болжамды комбинацияларды бағалаудың нәтижесінде К. Ландштейнер барлық адамдарды қан қасиетіне орай үш топқа бөлуге болатынын белгіледі, олар: А, В және С (бұл топ кейіннен «О» тобы болып аталды және О антигенінің бар болуын белгілейді) деп аталды. Кейін 1902 жылы Ландштайнердің қызметкері А. Штурли А. фон Декастелломен бірге тағы да бір қан тобын ашты – АВ. Халықаралық ережелер бойынша қан тобын белгілеу үшін А, В, АВ және О әріптері ғана пайдаланылады. 1930 жылы Карл Ландштайнерге «адам қанының топтарын ашқаны үшін» физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы берілді. [caption id="attachment_199463" align="alignnone" width="1280"]Карл Ландштейнер Карл Ландштейнер[/caption]