«Кек алмақ»: шетелдік БАҚ-та Әлімханұлы туралы мақала жарияланды

«Кек алмақ»: шетелдік БАҚ-та Әлімханұлы туралы мақала жарияланды

«Кек алмақ»: шетелдік БАҚ-та Әлімханұлы туралы мақала жарияланды
ашық дереккөзі
Мексикалық Heraldo Deportes басылымы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) туралы айтқанына қатысты мақала жариялады деп хабарлады turkystan.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Боксшы мексикалықты сынап, жекпе-жекке шығу туралы мәселе көтерді. Бұл Сауль GGG-ді жеңген соң болып отыр.
"Сауль "Канело" Альварес 2021 жылды жеңіспен бастап, жеңіспен аяқтады. Суперорта салмақта белбеулерді жинап, абсолют чемпион атағын қорғады. Ал енді мексикалықтың намысына тиіп, оны айқасқа шақыруда, өйткені жеңілмеген қазақ боксшы отандасы Головкин үшін кек алмақ. Ол боксшы Жәнібек Әлімханұлы, қазіргі таңда оның 12 жеңісі бар, орта салмақта жеңілмеген, тіпті тең де түспеген. Сондықтан ол Головкин үшін "Канелодан" есе қайтаруға үмітті. Алайда мексикалықтың қарсылас таңдауын ескерсек, ол қазақстандыққа мүмкіндік бермейді, өйткені бұл Альварес үшін қауіпті", - деп жазды басылым.