Кептірілген өріктің пайдасын білмей жүрміз

Кептірілген өріктің пайдасын білмей жүрміз

Кептірілген өріктің пайдасын білмей жүрміз
ашық дереккөзі
Жүрек – ең маңызды мүше. Адамның ағзасында көп жұмыс істейтін де осы орган. Қандай да бір ақаулар орын алса, жүрек сыздап, арты үлкен дертке алып келуі де мүмкін. Сондықтан күтініп, әрдайым пайдалы өнімдерді тұтынған жөн. Жүрекке кептірілген өрік өте пайдалы дейді кардиолог-дәрігер, терапевт Татьяна Романенко. Оның айтуынша, өрік калийға өте бай. Ал жүректің дұрыс жұмыс істеуіне дәл осы калий жауапты. 100 грамм кептірілген өріктің құрамында аталған элементтің 70%-ы бар екен. Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, жаңғақтар да жүрек функциясына өте пайдалы.
«Барлық жаңғақтар пайдалы. Мысалы, миндаль – магнийге бай. Магний – жүрекке пайдалы микроэлементтерден құралған. Біздің көңіл-күйіміз, жүрек бұлшық еті тікелей магнийге тәуелді», – деді Романенко.
Оқи отырыңыз: Сақтаныңыз: жүрек талмасына шалдықтыратын сусын