Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Бір аптада қанда темір көбейтудің оңай жолы

Қазір Қазақстан халқының басым бөлігі темір жетіспеушілігінен ауруға шалдығуда. Қанда темір аз болғасын, түрлі ауру қозып шыға келеді. Әлсіздік, бас айналу, депрессия мен ұйқы басу, естен тану – қанда темір жетіспеушілігінің айқын белгісі. Әсіресе, жүкті әйелдерге темір дефициті үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Ендеше, қанға қалай темір жинаймыз? Соның амалын іздеп көрелік.

Дәрігерлердің айтуынша, қанға темір жинаудың ең төте жолы – етті көбірек жеу. Күніне кем дегенде 100 грамм ет жеу арқылы темірдің көлемін бір аптада толтыруға болады.

Бұл жерде ескерерлік бір дүние бар. Ол – қазақы дәстүрді бұзып, ет жегеннен кейін шәй ішуге болмайды. Нутрициолог Майгүл Қайнарбаеваның айтуынша, шайдың құрамындағы танин заты ет құрамындағы темірді «ерітіп», пайдасын азайтып жібереді. Шайды тамақ ішкеннен кейін 40 минут немесе 1 сағаттан кейін ішкен жөн деседі.

Ал ет жегісі келмеген не ет жеуге болмайтын адамдар үшін тағы бір жол бар. Ол – теңіз орамжапырағы. Күніне кем дегенде екі ас қасық теңіз қырыққабатын жеу керек.

Темірді көбейтетін азық-түлікке алма, күнжіт, саңырауқұлақ пен бұршақ тұқымдастар жатады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button