ҰҚШҰ әскері Қазақстанның қай жерінде жаттығып жатыр?

ҰҚШҰ әскері Қазақстанның қай жерінде жаттығып жатыр?

ҰҚШҰ әскері Қазақстанның қай жерінде жаттығып жатыр?
ашық дереккөзі
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр. «Іздеу-2022» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.
«Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктеледі», - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Айта кетейік, арнайы оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық білім деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелердің тез арада үйлесімділігін арттыру.