3 қазанға арналған ауа райы болжамы

3 қазанға арналған ауа райы болжамы

3 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Синоптиктердің болжамынша, ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлады turkystan.kz. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде - 1-3 градус, Ақтөбе облысының шығысында - 1 градус үсік болуы мүмкін.