Қыркүйек айында қолданыстағы үйлер нарығындағы пәтерлердің бағасы 10 қалада өсті деп хабарлады turkystan.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. Өсім Алматы қаласында тіркелді: +1,9 пайыз. Бір шаршы метрдің орташа бағасы 671,3 мың теңгені құрады. Семейде 1,3 пайызға (353,8 мың теңге), ал Астанада 1,2 пайызға (481,6 мың теңге) көтерілді. Қалған жеті қалада өсім бір пайызға жетпейді: Ақтөбеде +0,9 %, бір шаршы метрі үшін 277,1 мың теңге; Оралда +0,8 % (306,5 мың теңге); Шымкентте +0,4 % (421,5 мың теңге); Таразда +0,2 % (296,3 мың теңге); Павлодарда: +0,2 % (362,5 мың теңге); Көкшетауда +0,1 % (322,3 мың теңге); Ақтауда +0,1 % (294,4 мың теңге). Өскемен, Талдықорған және Қарағандыда бағалар өзгерген жоқ Ал Қызылорда, Атырау, Қостанай мен Петропавлда баспана бағасы 0,1-1,3 пайызға төмендеді.
Жүктелуде...