Орал қаласынан Самара мен Тольятиге автобустар қайта қатынай бастайды

Орал қаласынан Самара мен Тольятиге автобустар қайта қатынай бастайды

Орал қаласынан Самара мен Тольятиге автобустар қайта қатынай бастайды
ашық дереккөзі
Бірінші рейс 1 қазанда жолға шығады. Айта кетсек, 28 қыркүйекте шекарадағы оқиғадан кейін Оралдан Самараға қатынайтын автобустар тоқтатылған болатын деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ол кезде Самара облысындағы «Маштаково» шекара бекетінде кезекке тұрғанда белгісіз адамдар рейстік автобусты аударып, жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсеткен. Оралдағы автовокзалдың бастығы Талғат Бисекеновтің айтуынша, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар Орал қаласынан Самара мен Тольятиге қатынайтын рейстерді тоқтатқан.
«Самара мен Тольяттиден Оралға бір автобус рейсі қатынайды, ал біз, өз кезегімізде, әзірге Самара мен Тольятиге бір рейсті ғана іске қосамыз. Содан кейінгісін уақыт тағы көрсете жатар», - деді Орал автовокзалының бастығы Талғат Бисекенов.