Қостанай облысында 51 адам тері ауруына шалдыққан

Қостанай облысында 51 адам тері ауруына шалдыққан

Қостанай облысында 51 адам тері ауруына шалдыққан
ашық дереккөзі
Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық  жағдай қолайсыз деп бағаланды. Сегіз айда өңірде дерматомикозбен ауыратындардың саны артып, 51 жағдай тіркелген. Бұл туралы turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл инфекцияға көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер шалдығады. Науқастардың 88,2%-ын қала тұрғындары құрады. Дерматомикоздар (микроспория, трихофитоз) - саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру. Онда тері мен шаш, сирек жағдайларда тырнақ пластиналары да бұзылады. Инфекция қоздырғышы қоршаған орта факторларына өте төзімді. Инкубациялық кезең 4-6 апта және теріде қызыл және ісінген дақтардың пайда болуымен аяқталады. Бұл аурудың жұғуы ауру адаммен тікелей байланыста болғанда немесе ластанған заттар арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар дерматомикозбен ауыратын үй жануарларынан жұғуы мүмкін. Дерматомикоздың белгілері – зардап шеккен орынды басу кезінде ауырады, қауызданып, қышиды. Сондай-ақ құлақ және желке лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.