Қазақстандық студент Кореяда өткен бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық студент Кореяда өткен бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық студент Кореяда өткен бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық студент бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Артур Шин бизнес-идеялар байқауында жеңімпаз атанды. Сайысқа 70-ке жуық адамның басын біріктірген сегіз топ қатысты. Артур жүкті әйелдерге арналған пайдалы жиынтықтар идеясын ұсынған. Олардың ішінде витаминдер, кремдер және белдіктер бар. 3-4 жылдан кейін бұл идеяны Қазақстанда жүзеге асыру жоспары бар. Ол үшін арнаулы онлайн платформа әзірлейді. 19 жастағы Артур Шин Сеулге Алматыдан барған. Қазір Кореядағы университеттің 2-курс студенті. Артур Шин, студент: – Қазақстандағы өмір сапасын жақсарту үшін не ойлап табуға, нені енгізуге болатыны мені қатты қызықтырды. Кореяда маған мемлекет тарапынан жасалған үлкен медициналық көмек өте ұнады. Президентіміз айтқандай, біз жаңа Қазақстанды саламыз.