Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақстан қолда бар қорлармен жаңа өнім есебінен өзін астықпен толық қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 2,2 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы жинау алаңының 13,9 пайызы. Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 млн тонна астық бас тырылды.
«Жалпы астық жинау кәлемі болжам бойынша 18,3 млн тонна болады, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтіліп отыр. Бұдан басқа, республикада 3,1 млн тонна кәлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар. Бұл республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың белгілі бір кәлемін экспорт қа шығарып, тиісінше дәстүрлі нарықтағы сауда позициямызды сақтау үшін жеткілікті, – деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ министр республиканың барлық өңірін де жаппай егін жинау басталғанын айтты.
«Бүгінде барлығы 2,2 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (13,9 пайыз) жиналды, орташа өнімділік 14,6 центнер/гектар жағдайында 3,3 млн тонна астық бастырылды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған алаң 23,4 млн гектарды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға артық», – деп атап әтті Ербол Қарашөкеев.
Бұдан бәлек, Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна кәлемінде резервтік астық қоры бар. Атал ған астық кәлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қам тамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мәселен, биыл Азық-түлік корпорациясы резервтерінің арқасында әлеуметтік нан бағасын тұрақ тандырған болатын. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдардың егіс алаңдары 448,1 мың гектардан 3,7 млн гектарға дейін ұлғайтылғанын айтты.
«2022 жылға облыс әкімдері мал азығын сатып алу құнын арзандатуды субсидиялауға 11,5 млрд теңге бәлді. 200 мың тонна кәлемінде жемдік астық сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20,0 млрд теңге қаржы бәлінеді», – деді министр.
Айта кетсек, бүгінгі күні 21 млн тонна шөп дайын далды, бұл жоспардың 87,3 пайызы, ал жалпы жоспар 24,1 млн тоннаны құрайды. Жем-шөп дайындаудың негізгі жұмысы қыркүйек пен қазан айында жүргізілетін болады. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі егін  жинау және мал азығын дайындау жұмысын тұрақты бақылап отыр.

А.БИМЕНДИЕВА