Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Тоқаев құлаған шатыр астынан Туды алып шыққандарға алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесуде құлаған шатыр астынан Туды алып шыққандарға алғыс жариялады деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры Тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шықты. Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, құр сөзден түк шықпайды.

«Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ. Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт бүгін ортамызда отыр. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек. Осыған орай, мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға алғысымды жариялаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button