NASA ғарыш кемесі астероидпен соқтығысты

NASA ғарыш кемесі астероидпен соқтығысты

NASA ғарыш кемесі астероидпен соқтығысты
ашық дереккөзі
NASA ғарыш кемесі қауіпті астероидты құлатуға болатынын сынап көру үшін бұрын-соңды болмаған эксперимент жасап, астероидтың өзімен соқтығысты. Ғарыш аппараты зиянсыз астероидпен соқтығысқан жағдай дүйсенбіде, 9,6 миллион шақырым қашықтықта болған. Dart ғарыш кемесі сағатына 22 500 шақырым жылдамдықпен келіп, кішкентай ғарыш тасына соқтығысты. Ғалымдардың айтуынша, соқтығысу нәтижесінде кратер пайда болып, ғарыш кеңістігіне қарай тастар ұшып, шаңға көмілуі тиіс. Бірақ ғалымдар ең бастысы соқтығысу кезінде астероид орбитасы өзгерді деп үміттенеді. Алайда ғарыш аппараты астероидпен қай деңгейде соқтығысқанын анықтау үшін NASA бірнеше күн немесе апта уақыт жұмсайтынын айтты.