Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
«Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.