Қызылордадағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды

Қызылордадағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды

Қызылордадағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жасырын әрекет 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12.30 шамасында анықталған. Флешканы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде бақылаушы байқаған. Тыйым салынған затты қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармағымен айыпталушы 42 жастағы азаматқа әйелі әкелген. Мекеменің қырағы қызметкері мантының ішінен фольгаға оралған бір сұр түсті флешканы анықтады. Анықталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.