Қазақстан тарапы Сауд Арабиясының азаматтық авиация билігі басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Осыған орай, биылғы 29 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін ICAO-ға қарасты Азаматтық авиация ұйымы Халықаралық Ассамблеясының 41-сессиясы аясында екі мемлекет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Оның шеңберінде авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 4-тен 8-ге дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылмақ.
Жүктелуде...