Түркістан облысындағы мектептерге белгілі тұлғалардың есімі берілді

Түркістан облысындағы мектептерге белгілі тұлғалардың есімі берілді

Түркістан облысындағы мектептерге белгілі тұлғалардың есімі берілді
ашық дереккөзі
Үкімет қаулысымен Түркістан облысының білім беру ұйымдарына осы өңірде туған бір топ белгілі тұлғалардың есімдері берілді деп хабарлады turkystan.kz. Енді Шағада орын тепкен №13 мектеп театр сыншысы Әшірбек Сығайдың, Отырар ауданындағы мектеп пен Сауран ауданындағы мектеп Рахманқұл Бердібайдың, Кентау қаласындағы №3 мектеп пен Сауран ауданындағы тағы бір оқу орны Өзбекәлі Жәнібековтің атымен аталады. Сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдарына әл-Фарабидің, Абайдың, Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің, Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның, Жұмабек Тәшеновтің, Ыбырай Алтынсариннің, Майлықожа ақынның, Сабыр Рахимовтің, Сәдуақас Темірбековтің, Мәншүк Мәметованың, Әлия Молдағұлованың, Мырзақадыр Нұрбаевтың, Қалаубек Тұрсынқұловтың, Егемқұл Тасанбаевтың, Төлепбек Назарбековтің есімдері берілді.