Германия канцлері Олаф Шольцтің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Германия министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Хебештрейт канцлердің оқшауланғанын мәлімдеді. Шольц осы аптадағы барлық іс-шараларға қатысудан бас тартты. Кеше канцлер Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінде болған сапарынан оралды. Айта кетейік, канцлер жүргізген келіссөздердің негізгі тақырыбы Германияны газбен қамтамасыз ету болды.
Жүктелуде...