ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан - Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанның өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пункттерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ», - делінген комитеттің хабарламасында.