Бүгін Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді

Бүгін Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді

Бүгін Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты шоуы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, соңғы күндері әртістің әлемнің әр түпкіріндегі мыңдаған жанкүйері Қазақстанға ағылып келді. Келушілердің көбісі Астана және Димаштың туған қаласы Ақтөбе қаласынан саяхаттарын бастаған.
«Димаш Құдайбергеннің көптен күткен концерті 23 қыркүйекте біздің сүйікті қаламызда өтетінін білген соң, біз, Алматы фан-клубы қабылдаушы тарап ретінде, өз алдымызға қала қонақтары үшін барлық бағыттарда ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуді маңызды міндет қойдық», – деп бөлісті Almaty DQ Dears фан – клубының өкілдері.
Іс-шарада Димаштың анасы Светлана Айтбаева мен інісі Әбілмансұр төбе көрсетті.
«Сіздердің әрқайсыңыз біздің жүрегімізде ерекше орын аласыздар, біздің отбасымыз үшін сіздер – жақын адамсыздар. Сіздер үшін Қазақстанның есігі әрдайым ашық. Димаш концертке дайындалуда, бірақ ол сіздердің осында екендеріңізді біледі және кездесуді асыға күтуде», - деді Светлана Ермекқызы.
Сатылған билеттердің 5 мыңға жуығын өзге елдің тыңдармандары иеленген. Нақтырақ айтсақ, Щвейцария, Франция, Украина, Қытай, Катар, АҚШ, Бразилия және Аргентина сынды жалпы саны 50 елдің азаматтары концертке билет алыпты. Көптен күткен концерт бүгін Орталық стадионда өтеді. Концерттің басталуы сағат 20.00-де.