Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды

Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды

Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
«Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына қатысты авиакеросинді қымбаттады деген күдікпен тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша жүргізілуде, бұл әуе билеттері бағасының өсуіне әсер етеді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда ірі көлемде айыппұл салу арқылы монополиялық кірісті тәркілеу немесе қылмыстық әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде құқық қорғау органдарына материалдарды жіберу мәселесі қаралатын болады.